. Оқылым. Мәтінді түсініп оқы. (Прочитайте текст внимательно) Ұлы Отан соғысы халқымыз үшін ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 тәулік бойы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин, беларус, қазақ пен украин сынды ұлттар жауға қарсы соғысты. Өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін аянбады.
Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері көптеген ерлік көрсетті. Ержүрек жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін жетті. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ауыр шайқастарда батырлық танытты.
Сол отты жылдарда рухы күшті отандастарымыз араласпаған бірде-бір шайқас болмады.
1418 санының дұрыс жазылған нұсқасын тап?
А. мың төртте он сегіз
Ә. мың төрт жүзден он сегіз
Б. мың төрт жүз он сегіз
2. Өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін кімдер аянбады?
А. батырлар
Ә. балалар
Б. ақындар
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді тап: Ержүрек жауынгерлер ... бастап Берлинге дейін жетті.
А. Брест қамалынан
Ә. Сталинград түбіндегі жертөлелерде
Б. Днепр өткелінде
4. «Келешек ұрпақ» сөзіне сай келетін сөзді тап.
А. қазіргі сәт
Ә. өткен өмір
Б. болашақ
плз