Оқылым. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орында. Әкем екеуміз жолсапарға шықты. Ауылда тұратын атам мен әжеме барамыз. Анам екеумізге жолазық дайындап берді. Жолшыбай Түркістан қаласында тұратын ағамның үйіне барамыз. Теміржол бекетіне пойыздың жүруіне жарты сағат қалғанда келдік. Кассаға барып, билет сатып алдық. Билеттің құны екеумізге 11 400 теңге болды. Біз отыратын 64-інші жүрдек пойыз вокзалға келе жатыр. Бұл пойыз «Көкшетау – Қызылорда» бағыты бойынша жүреді.
Оператор қыз: Құрметті жолаушылар! «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы пойыз екінші жолға келіп тоқтайды. Пойыз толық тоқтағанша вагондарға жақындамаңыздар!» - деп қайта-қайта хабарлап жатыр.
Пойыз тоқтағаннан кейін әкем екеуміз вагонға кірдік. Вагонның іші таза екен. Заттарымызды вагонға қалдырып, далаға шықтық. Анықтама бюросындағы қыз: «Құрметті жолаушылар! 64-інші жүрдек пойыз жүргелі тұр, сақ болыңыздар!» - деп хабарлады.
Жолаушыны жол сынайды,- демекші әкем екеуміздің жолымыз болып, діттеген жерге аман – есен барып келсек. Жолға шыққан барлық жолаушыларға «Ақ жол!» тіледім
1-2. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.
[2]
3.Мәтіннің негізгі идеясы
[1]

4.«Жолаушыны жол сынайды» мақалын қалай түсінесің?
[1]
5. Қарамен жазылған сөйлем мәтінде не үшін қолданылған?

[1]

Жазылым. Берілген екі сұрақтың қайсысына жауап жазатыныңызды көрсетіңіз.

І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналына «Ұлы дала-көшпенділер мәдениеті» тақырыбында мақала жазуға шешім қабылдадыңыз. Афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз. Өздік, өзгелік етісті қолданыңыз.
«Жазу ауыстыру қалай жүзеге асады?» деген тақырыбында эссе жазыңыз. Афоризмдерді орынды қолданыңыз. Өздік, өзгелік етісті қолданыңыз. [10]​

Gfykfyj Gfykfyj    3   02.11.2020 09:36    62

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi