ОҚЫЛЫМ. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындау. Бүгінгі Нұр-Сұлтан – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі. Түнгі Нұр-Сұлтан қандай десеңші? Түн қараңғылығы астында Ай сәулесінен нұр ала, алаулай жанған шамбалдар мен жарық ғимараттар де естен тандырарлықтай. Әсем сазбен тербеле билеген су бұрқақтары, кең алаңды бой түзеген әкімшілік ғимараты мен ел қалаулылары – депутаттар үйі аралығын шығысы Бәйтеректей ансамбльмен және батысы Елбасының Ақ ордасы мен министрлер үйі, Самұрық қазына компаниясымен шектес-тіре дүние бетіндегі ең бір асқақ сұлу кешендердің бір үйлесімділігін көрсетіп тұр. Нұр-Сұлтан – Қазақстанның бас қаласы. Осында оқып нәр алуыммен, гүлденген қалада өткізіп жүрген күніммен , айдай асқақтықпен мақтанамын!

di1808 di1808    2   23.12.2020 11:50    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi