Оқылым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бүгінгі Қазақстан халқының «орыстілді» деп аталып жүрген басым бөлігі біздің республикамызға еркінен тыс күштердің әсерімен келген болатын: жер аудару, көшіру, жұмысқа жіберу, әскери бөлімдерде қызмет ету және т.б. Бұл жаңадан қоныс аударғандардың жергілікті жағдайға тез бейімделуіне және қазақстандық менталитетті қалыптастыруға ықпал етті. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан олар үшін өз еліне айналды.
Адамдар жергілікті халықпен тез тіл табысты, қазақтың көптеген салты мен дәстүрін қабылдады. Олар қазақтармен өзара техника, білім беру, медицина, өнер, мәдениет салаларына қатысты мәселелерден тәжірибе алмасты. Қазақстанның қазіргі халқының осындай қалыптасуына өзара түсінушілік, құрметтеушілік негіз болды.
1-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз ( )2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. ( )
Қазақстан халқының «орыстілді» деп аталып жүрген басым бөлігі кімдер?
Адамдар жергілікті халықпен қалай араласты?
Қазақстанның халқының қалыптасуына не негіз болды?
3-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағына жақындығына қарай сәйкестендіріп жазыңыз. ( )
1. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан
А. қазақтың көптеген салты мен дәстүрін қабылдады.
1-
2. Адамдар жергілікті халықпен тез тіл табысты,
В. өзара түсінушілік, құрметтеушілік негіз болды.
2-
3. Қазақстанның қазіргі халқының осындай қалыптасуына
С.барлығы үшін өз еліне айналды
3-
Жазылым
4-тапсырма. Мына төмендегі етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз. ( )
Бару, кету.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз. ( )
Біздің арқайсымызға «Мен қазақстандықпын» деп зор сезіммен айтатын күн туды.
(қайғы, мақтаныш,өкініш)