Оқылым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды оқыңыз.

Ардақты да аяулы досымМарат!
Қал–жағдайың, ата–анаң, бауырларың қалай?! Ауа райы ше?
Өзіме келсем, менде барлығы жақсы. Бостон мектебі керемет оқу орны екен. Оқушыларға арналған арнайы интернаты бар. Мектептің дәл жанында. Түске дейін сабақ оқимыз, түстен кейін шығармашалық жұмыстармен айналысамыз. Мен робототехника бойынша үйірмеге жазылдым. Есіңде ме, екеуміз Қазақстанда да робототехника үйірмесіне барушы едік қой. Сол үйірменің де көмегі тиіп жатыр. Мәлік Асқарұлы өз саласының маманы, нағыз ұстаз екеніне робототехника сабағында әр кез көз жеткізіп келемін.
Сыныпта барлығы он баламыз, барлығы да әр елден жиналған. Барлығы шетінен өнерлі, дарынды балалар. Бірақ маған сен жетпейсің. Сені, Қазақстанды сағындым. Бұл жақта қазақ халқының мейірімділігі мен қамқорлығы, қонақжайлығы жетпей тұрады маған. Қазақтардың адамдарды ұлтқа бөлмей, барлығына бірдей қарайтын қасиетін ерекше бағалаймын. Енді сәл шыдасам, жазғы каникул да басталады. Жолым түссе, барып қалармын. Қазір түскі астан соң үйірме басталады. Әзірге мектептің кітапханасында отырып, саған хат жазып отырған жайым бар. Мендегі жаңалық осы. Өзің де хат жазып тұр. Күтемін. Үй іштеріңе, мені танитын дос балаларға, сыныптастарға сәлем айт. Сау бол! Көріскенше күн жақсы болсын!
Сәлеммен, досың Джон

Мәтін мазмұны бойынша «шындық және жалған» ақпараттарды анықта.
Ақпараттар
Шындық
Жалған

Хат иесі қазір Қазақстанда емес.

Хат иесі хатты өзінің інісіне арнайды.

Хат иесі түске дейін үйірмелереге қатысады.

[3]

Хат жанрының екі ерекшелігін көрсетіңіз.
Қандай да бір ақпаратты хабарлайды
Адресат және адресанттың көрсетілуі
Оқиғаның болатын орны көрсетіледі
Сәлемдесу, қоштасу сөздері жазылады
Қандай да бір затты сату үшін жасалады
ответьте на все вопросы !​

krasnov595egr krasnov595egr    3   14.05.2021 16:24    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi