Оқылым Мәтінді оқыңыз ,тапсырмаларды орындаңыз
Егер адамның бойында өзіне тән ұқыптылық пен сыпайылық қалыптасса ол
қай ортада болмасын өз орнын таба біледі. Жақсы мінез, тазалық, жинақылық,
ұқыптылық, сыпайылық барлығы мәдениеттің негізі. Бойымызға ең жақсы
қасиетті жинап, басқаларға нұрдай шашып жүру қандай керемет! Одан, өзің де,
өзгелер де ерекше көңіл-күй алары айдан анық. Ерсі қылық, есер сөз,
қарқылдаған күлкі, жағымсыздық тағы басқалары арқылы сен жұрттың
келемежіне айналуың әбден мүмкін...
«Мінез - жанның айнасы», - демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы
мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез-келген ортада аңғаруға болады.
Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни,
бұл - өзін-өзі тану. Адамдар сырт көзге әдемі көрініп, іште жат қылық пен қыңыр
мінезін сақтайды. Осы екеуін шамаң келсе таразының басында тең ұстау өз
қолыңда. Жинақы киім, әдемі мінез мәдениеттің алғашқы сатысының бірі деуге
болады. Сенің жақсы адам екендігіңді көрсететін мінезің. Мінезді бір қалыпты
ұстау - мәдениет.
Мәдениетті болу аса көп нәрсені талап етпейді. Оған тек жайдары мінез бен
жинақылық керек. Адам өзін неғұрлым терең таныған сайын, мінез бен
мәдениет деңгейі жоғарылай түседі.

Б) Мәтіннен деректі, дерексіз зат есімдерді теріп жазыңыз.
Деректі зат есімдер
Дерексіз зат есімдер:​

Yoyoy31231234 Yoyoy31231234    2   17.03.2021 14:39    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi