Оқылым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Күй – қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. Б. Күйлерін шығарған.
Күй анасы – Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. Б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. Б. (167 сөз)
4. Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз.
Құрманғазының күйлері
[1]
5. Мәтіннен келесі сөздердің синонимдерін анықтаңыз. Қазына, аманат, дүниеге келген.
[3]
Жазылым
Берілген тақырыптың біріне аргументативті эссе жазыңыз. 60-70 cөз.
1) «Төрт түлік малдың пайдасы».
2) «Наурыз – шығыс халықтарының ұлы мейрамы».
[5]
Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – "Кішкентай "
«Төрт түлік малдың пайдасы».
Төрт түлік малдың пайдасы мен қасиеттері қазақ дәстүрінде өте жақсы және тиімді сипатталған. Қазақтар төрт түлік малға түйе, жылқы, қой мен сиырды жатқызады. Төрт түлік мал қазақ ауыз әдебиетінде жиі қолданылады және оларға арналған мыңдаған туындылар жазылған. Адамдар төрт түлік малды өте қасиет тұтқандықтан, олардың әрқайсысына ойсылқара, қамбар ата, жылқышы ата, зеңгі баба деп ат берген. Әсіресе, халық түйені байлық, көлік және азық ретінде аса қадірлеген. Төрт түлік малға арналған көптеген мақал-мәтелдер халық арасында өте жақсы таралған.