ОҚЫЛЫМ. Мәтінді мұқият оқып, тапсырманы орындаңыз.
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
– Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — депті.
– Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім.
Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті.
Сонда түлкі секіріп, ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып,
жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Тапсырмалар
1.Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз.
Жоспар құрыңыз
1.
2.
3.

2. Берілген тұрақты тіркестің синонимін жазыңыз.
Жаным жай тауып тұр

3.Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз
1.Жүгіріп келе жатқан түлкі қайда түсіп кетеді?

2.Түлкі апаннан қалай шығып кетеді?


3.Ертегінің түйіні ретінде қандай мақал алынған?
А) Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар В)Өтірік айтқан онбайды
С)Күлме досқа, келер басқа. Д)Ақымаққа екі аяғы маза бермес

4.Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. (1,2,3)
Түлкі ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
Түлкі апанға түсіп кетіпті
Ешкі салқындайын, әрі су ішейін- деп апанға түседі.

5. Басты кейіпкерлерді сыйпаттап, әр қайсысына 1сөйлем жазыңыз.
Түлкі қандай? Ешкі қандай?

ЖАЗЫЛЫМ
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.Эссе көлемі (60-70 сөз).
Әңгіме тақырыптары: 1. Отбасындағы дәстүрді бағалаймын.
2. Метеп - білім ошағы.
3. Қызыл кітап.

Умныйгоблин Умныйгоблин    3   28.10.2020 14:05    1

Ответы
Tw1mHero Tw1mHero  28.10.2020 14:10

Объяснение:

кара оякта жаз бирнишиде жоспар дегенде оынн

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Ната911 Ната911  28.10.2020 14:10

не переживай я хахах

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi