Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Прочтите стихотворение, выполните задания.
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәтінге қандай ат қояр едіңдер? Какое название дадите стихотворению? -Матiн берiлмеген гой
2. Мәтін не туралы деп ойлайсыз? О чем это стихотворение?
А) Күй туралы
В) домбыра туралы
С) қуаныш туралы
3. Бабамыздың мұңы не, анамыздың сыры не?
А) Жүрегі
В) Көңілі
С) Домбыра
4.Домбыра нені ұрпағына аманат қып жолдаған?
А) Арманын
В) Қиялын
С) Жырын
5. Мәтін мазмұны бойынша домбыра – ол не? По содержанию стиха домбра-это:
1.
2.
3.
Жазылым.
2-тапсырма. «Төрт түліктің пайдасы» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Мәселені қарастыра отырып, өз ойыңызды аргументтермен дәлелдеңіз.