Оқылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Біздің жеріміз кең-байтақ. Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді. Біздің елімізде арқар, барыс, қосаяқ, құлан, дала тасбақасы, саршұнақ сияқты жануарлар кездеседі.

Алтай арқары – өте бағалы аң. Олар биік тауларда мекендейді, өсімдіктермен қоректенеді. Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап анықтайды. 12-14 жыл өмір сүреді.

Барыс – мысық тұқымдас жыртқыш аң. Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді. Оның терісі бағалы. Қимылы жылдам, епті. 7-8 метр биіктікке дейін секіреді.

Қосаяқ – кішкентай аң. Балқаш өңірінде тіршілік етеді. Сирек кездеседі. Ол өсімдік дәнімен, жемісімен, жәндіктермен қоректенеді. Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп, ұйықтап жатады.

Құлан шөлді жерді мекендейді. Алматы, Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады. Олар Түрікмен жерінен әкелінген. Ол есекке де, жылқыға да ұқсайды. Қазір қорғауға алынған. Дала тасбақасы да шөлді жерлерді мекендейді. 150 жылдай тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 3-4 ай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады.

Саршұнақ ашық далада өмір сүреді. Олар ін қазып, топырағын сыртқа үйіп тастайды. Егінге көп зиян келтіреді. Бірақ оның терісі бағалы.

(150 сөз)

1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. Озоглавте текст письменно

2.Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. По тексту предложение поставить по порядку устно

Сөйлемдер Реті

Құлан шөлді жерді мекендейді.

Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді

Егінге көп зиян келтіреді

3.Жазылым

Мәтін мазмұнына хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қойып жазыңыз. по тексту напишите

Хабарлы сөйлем повествовательное предлож.

Сұраулы сөйлем вопросительное предлож.

Лепті сөйлем восклицательное предлож.

КАЗ

маргарита00000000 маргарита00000000    2   23.10.2020 12:50    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi