Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген. Боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері, Отан орденінің иегері. Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Абай қаласында ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Серік мінезі ашық, кең пейіл, мейірімді адам. Ұжымдастары арасында беделі бар. Техникалық арсеналы бай, ширақ боксшы.
( 73 сөз)
http://alashainasy.kz/omir/serk-jumangaliulyi-sapiev-57583/

1-тапсырма. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз (бір дұрыс жауабы бар)
А) Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген.
Ә) Серік Сәпиевтің спорттық шеберлігі
Б) Парасат орденінің кавалері.
В) Боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері.
[1]
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, кестені толтырыңыз.

Мәтін
Тақырыбы:
Негізгі ақпарат:
Жанама ақпарат

[2]
3- тапсырма.Мәтіндегі көтерілген мәселеге байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Серік Сәпиев сияқты спортшы болғысы келетін сыныптасыңа беретін кеңесіңіз. (2-3 сөйлем)
[2]
Жазылым
Сіз қысқы демалыста сыныбыңызбен Астанаға немесе Түркістанға (таңдап алыңыз) бардыңыз. Астанада көрген қызықтарыңыз туралы 1 күнді сипаттап, күнделік жазыңыз (70-90 сөз). Стильдің ерекшелігін, күнделік жазудың талаптарын сақтаңыз. Теңеу, эпитет сөздерін қолданыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, үндестік заңын ескеріп, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз. Етістіктің өткен шағын қолданыңыз.
Тірек сөздер: қасиетті жер, ежелгі, таусылмас, салтанатқа бөлеу, байлыққа белшеден бату, таусылмас, Асқар таудай, алтын көпір, алтын бесік, алтын сандық

kirilladinov kirilladinov    3   17.03.2021 15:12    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi