Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
...Қызылқала ‒ көне қала. Есте жоқ ескі дəуірдің ескерткіші боп қызғыш лайдан соғылған қорған күн нұрына шағылыса қызыл жалын шашып тұрғандай. Ертеде бұл жерде ел тұрғаны анық. Алайда, осы қаланы салып, абат өмір сүрген елдің қайда кеткенін ешкім айтып бере алмайды. Талай ғасырлардан бері қаңырап жатқан қала тілсіз. Қала деген аты ғана. Соңғы жүз жылдықта бұл өңірге ел қоныстана бастаған. Суы мол, жері құнарлы. Шаруашылықпен шұғылдануға қолайлы. Бірте-бірте көбейген ел əжептəуір ауылға айналған. Ауыл атауы да осы ескі қаланың атынан алынған. Ауылдың теріскейінде шөккен нардай боп Қаратау созылып жатыр. Дəл іргеде Кесіктау бар. Аты затына сай. Қаратаудың құдды кесіп алынғандай бір сілемі. Омарқұлдың үйі Кесіктаудың етегінде. Бар ғұмыры осында өткен. Жалындаған жиырма бес жасында Гүлдəуренге үйленген соң біразға дейін бала сүйе алмады. Жары үш рет түсік тастады. Əулие Сұлтан бабаға барып, Жаратқанға жалбарынды. Жолбарыс аттағанға түнеді. Сөйтіп жүргенде Алланың шапағаты түсіп, қошқардай ұлды болды. (182 сөз)
Б.Ұзақов«Жантаза» ( үзінді)
№1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр.
1.
2.
№2-тапсырма.Сөйлемдердің «шын», «жалған» екенін анықтаңыз.
сөйлемдер шын жалған
А) Ауылдың теріскейінде шөккен нардай боп Қаратау созылып жатыр.
Ә) Қызылқала- жаңа қала.
№3-тапсырма.Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
А) очерк
Б) әңгіме
В) мақала
Г) сұхбат
№4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша сәйкестендіріңіз.
1.Жиырма бес жасында А той жасайды
2. Үйленген соң, бала В. сүйе алмайды
3. Жолбарыс аттағанда С . үйленеді
4.Ұлды болғанына ат шаптырып Д. түнейді
Жазылым.
1. «Мен жақсы көретін спорт түрі» тақырыбына күрделі сөздерді қолдана отырып, шағын мәтін жазыңыз. Мәтінде етістіктің (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ ) шақтарын қолданыңыз.
соч