Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар. Ғалымдар қуат көзін Айдан тапты
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі.
Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды
Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Расында, Жер серігінің беткі қатпарында
термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды.
Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент. Себебі, Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің
изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта молынан жатыр.
Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі
материалдар Жерге жіберілетін болады. Бұл элементтің тіптен кішкентай бөлшегінің синтезі біршама энергия бере алады. Айта
кетсек, Гелий-3 элементінің 0,02 грамм синтезі бір баррель мұнайдың есебіндегі энергияны шығаруға жетеді. Әзірге Қытай Айдағы
табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер
бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасап жатыр. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған
әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды
қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады. Жалпы жобаға керек жабдықтарды дайындауға 20 миллиард
АҚШ доллары қажет.
1-тапсырма. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
1.
- Жерде өте сирек кездесетін элемент.
2. Айда ешқандай
болмағандықтан,
ол жақта молынан жатыр.
3. Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы
бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ.
Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі
үшін өте пайдалы болады.
2-тапсырма. Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөз тауып жазыңдар.