Оқылым.Мәтінді мұқият оқыңыз,тест тапсырмаларын орындаңыздар. 1971 жылы Мәскеуде өткен халықаралық конгрестің мәжілісінде әл-Фарабидің ЮНЕСКО ауқымында 1100 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі қозғалған кезде бүкіл әлем ғалымдарын таңдандырған оқиға болды. Батыс пен Шығыс ғалымдарының бәрі араб ғалымы деп білетін әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби арабтың да, түріктің де ғалымы емес, қазақтың тікелей бабасы болғаны бұлтартпастай дәлелденген еді. Бұл оқиға тек ұлы ғұламаның өмірі мен еңбегін тереңдеп білумен қатар, дүниежүзі зерттеушілері әлемде қазақ деген ұлт бар екенін, тіпті бүкіл адамзат өркениетінің бір бастауы көне қазақ жерінен таралғанын мойындап, таңғалысты. Сонда әл-Фарабидің қазақ бабасы екенін әлем ғалымдарына мойындатқан кім болды? Қазақ жұрты ғана емес, сол кезеңдегі Кеңес Одағы ғалымдары мұндай ірі зерттеуді жүргізген тарихшы да, рухани саланың ғалымдары емес, құжат бойынша геолог- ғалым Ақжан Машани екеніне қанығып таңырқасумен болды. Ал осы айтулы тұлға Ақжан Машани деген кім? Бұл жөніндегі сауалға қазір қазақтың көптеген жастары жауап бере алмайтыны байқалады. Ақжан Машани 1970 жылы «Жазушы» ба шыққан «әл-Фараби» тарихи романында сол әмір өткізген мәжілістегі оқиғаны нанымды түрде көркем тілмен жазған еді. Жалпы Ақжан Машани үш көркем шығарма жазды. Бірі – жастарды ғылымға баулитын ғылыми-фантастикалық романы «Жерастына саяхат», екіншісі – ұлы ғұламаның азаматтық бейнесін сомдаған «Әл-Фараби» тарихи деректі романы, үшінші – қазақтың дүниетанымына арнаған «Табу» романы. 1-тапсырма. Сөздердің синонимдерін мәтіннен табыңдар:
1.атақты- 2.осындай- 3.шынайы-
2-тапсырма.Қос күнделік әдісі бойынша берілген ақпаратты пайдаланып өз пікіріңді жаз
№
Ақпарат
Менің түсінігім
1
Жер- барша адамзаттың анасы
2
Толғанай өзінің қуанышы мен қайғысын Жер –Анаға айтады
3-тапсырма. Үстеудің мағыналық түрлерін сәйкестендіріңіз.
Мезгіл үстеуі әдейі, жорта Мақсат үстеуі өте, тым Күшейткіш үстеуі ертең, биыл
4-тапсырма.Етістіктерді тауып, шақтарын ажыратындар.
1.Табиғатпен тіл табысу ғана адамды бақытты етеді.
2.Абай мен оның барлық үй-іштері, іні-шәкірт, достары үшін ең қадірлі әбігер болды.
3.Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады
4. Таудың сырын зерттеу үшін, адам білікті,шығармашыл,ақылды,оның тасын да сүйе алатындай мейірімді болуы керек. 2-
5тапсырма. Сұрақтарды жауаппен сәйкестендір.
№
Сұрақтар
Жауап
1
Ақжан Машани қай жылы және қайда туды?
Ұлы ғұламаның азаматтық бейнесін сомдаған «Әл-Фараби» тарихи деректі романы
2
Ақжан Машани кім болды?
Бірі – жастарды ғылымға баулитын ғылыми-фантастикалық романы «Жерастына саяхат», екіншісі – ұлы ғұламаның азаматтық бейнесін сомдаған «Әл-Фараби» тарихи деректі романы, үшінші – қазақтың дүниетанымына арнаған «Табу» романы
3
Ақжан Машани талантының ең күрделі еңбегі?
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани (1906 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы — 02.05.1997, Алматы)
4
Ақжан Машани неше роман жазды?
Ақжан Машани геолог,ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор (1968), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
5
Ақжан Машани неше жыл Әбу Насыр әл –Фараби еңбектерін зерттеген?
Батыс пен Шығыс ғалымдарының бәрі араб ғалымы деп білетін әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби арабтың да, түріктің де ғалымы емес, қазақтың тікелей бабасы болғаны бұлтартпастай дәлелденген еді.
6
Ақжан Машани еңбегі нені дәлелдеді?
Ақжан Машани неше жыл Әбу Насыр әл –Фараби еңбектерін 50 жыл зерттеген.