Оқылым. Мәтінді мұқият оқы. Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген
керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
Жібек Жолы б.з.д ІІІ ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет
етті. Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-
ойрандардың куәсі болды. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам, Түркістан, Суяб, Баласағұн т.с.с көне
қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін.
Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған
тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. А.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Саудамен қатар, бұл аймақта
білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік
туризм орталығына айналды.
1-тапсырма. Оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпараттарды
аныкта:
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.
1.
2.
3.
3.