Оқылым Мәтін түсініп оқыңыз.
Оқжетпес туралы аңыз
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы "Оқжетпес" тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол "Оқжетпес" жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:
Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: "Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр" десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.

1. Мәтіннің атауын талдап жазыңыз (неліктен осылай аталғанын).

2. Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, теріп жаз.


3. Мәтіннен бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерге мысалдар жаз.


4. Берілген сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауап бер.

1) Батыр бала күнінде қандай болған?


2) Батыр алған жарақатын қалай емдеген?


3) Оқжетпес қалай тасқа айналған?


Жазылым
Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз және сақтап жазыңыз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.

Әке, ана, бауырларыңыз - сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде орындары да ерекше. Бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп тұр. Біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. Ендеше іске сәт.

sasha123123476 sasha123123476    2   16.10.2020 13:54    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi