ОҚЫЛЫМ МӘТІНІНДЕГІ БУЫН ҮНДЕСТІГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН КӨРСЕТІП, ДӘПТЕРГЕ ЖАЗЫҢДАР. ҮЛГІ:
ЖУАН БУЫНДЫ СӨЗДЕР
ДАРИЯСЫНА, ...
ЖІҢІШКЕ БУЫНДЫ СӨЗДЕР
БЕТІНДЕГІ, ...
АРАЛАС БУЫНДЫ СӨЗДЕР
ҚЫСТЫГҮНІ, ...
Тұман деген әдетте қыстыгүні келетін мылқау мейман ғой. Тұман түсіп, дүние аппақ сүт дариясына шомылып мүлгіп тұрғандай, жер бетіндегі заттың бәрі буылдыр арасынан көмескі, күңгірт көрініп, көңілді бір белгісіз үрей сезімдер билеген шақты Кириск бұрын тіпті ұнататын да... Ал қазір буырқанған теңіз үстінде біресе жазылып, біресе жиырылып, ирелеңдеп жөңкіген тұман айдаһардың жер бауырлап жылжығанын еске салғандай еді... Күллі әлемді қамтып алған мына сіреспе бозғылт тұманда қайда, неге жүзіп бара жатқаны белгісіз... Әл-қуат кетіп қалжыраған жандарды енді еріксіз енжпрлық билеп, мына көр тұман тұтқынында қайығы қақпайлаусыз қалтылдап, тағдыр құрығына тырп етпей мойынсұнған шақ... Көр тұман адамды езгілей түсіп, еріктен айырып, мең-зең халде қалдырған...