Оқылым: Іле Алатауы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы отыз бес км. Бірқатар шыңдары төрт мың бес жүз – бес мың м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, төрт мың тоғыз жүз жетпіс үш м). Қазіргі мұздықтар да сонда шоғырланған. Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас, тақтатастардан түзілген. Іле Алатауында жалпы ауданы төрт жүз жетпіс сегіз км2 болатын үш жүз сексен бір мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан.
Іле Алатауының ұзындығы қанша км болады?
55 км
60 км
26 км
35 км
47 км