Оқылым.
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, Күн боп шығып, күледі.
Күн астында көк төбелер түледі:
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Айтпағым бір: ағыл-тегіл сыр еді,
Шежіреңе ол өлең болып кіреді...
Қанат қомдап, таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!
Ж. Нәжімеденов
2 – тапсырма. Өлеңнен деректі, дерексіз зат есімдерді табыңыз. Ол сөздерді пайдаланып, жай сөйлем құраңыз. ( )