Оқылым Электр қуаты- өндірілетін отын түрлерінің 1/5 бөлігі электр қуатын және жылуды бөліп шығару үшін пайдаланылады. Қуаттың басқа түріне карағанда электр қуатының көптеген колайлы жақтары бар. Оны механикалық, жарық және жылу қуатына түрлендіріп сым арқылы тасымалдауға болады. Электр қуатын шаруашылықтың көптеген салаларында пайдаланады. Қазақстанда электр стансасының 3 түрі колданылады. Жылу электр стансалары 2 түрге бөлінеді; 1.конденсациялы 2.жылу электр орталықтары. Конденсациялы стансалар тек қана электр қуатын өндіреді. Мұндай стансалар электр қуатымен үлкен аудандарды қамтамасыз етеді. Сондықтан да оларды мемлекеттік аумақтық электр стансалары (МАЭС) дейді. Бұл стансалар барлық өндірілетін электр қуатының 1/2 бөлігін береді. Конденсациялы стансаларды қосуға көп уақыт қажет (орта есеппен 5 сағат). Сондықтан оларға жыл бойы бірқалыпты жұмыс жасап тұру кажет. Тоқтатқан жағдайда электрмен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады. Конденсациялы стансалар отын көзіне, суға жақын орналастырылады. Жылу электр стансаларының келесі түрі жылу электр орталығы (ЖЭО). Бұл жерде электр қуаты мен жылуды өндіру жинақталған. Стансаның мұндай түрі отынды пайдалану коэффициентін конденсациялы стансаға қарағанда екі есеге ұлғайтады. ЖЭО - жылуды 20 километрден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан, қалаларда орналастырады. Жылу электр стансалары шамадан тыс көмірқышқыл газын бөліп шығаратындықтан, қоршаған орта ластанады. Электр куаты кез келген жерге жоғары вольтты электр желісімен тасымалданады (ЭЖТ). Белгілі бір ауданға энергия қаншалықты қажет болса, соншалықты электр қуатын жеткізе алады. Сондықтан да жылу электр қуатын отынға және тұтынушыға жакын орналастырады. Электр стансасының келесі типі - су электр стансасы республикамыздағы электр қуатының, ең арзан түрі. Яғни ағынды судың қуаты адамның қатысуынсыз алынады және отынды үнемдеудегі жетекші өнеркәсіптің бірі.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз А. электр қуаты, жылу электр стансалары,көмірқышқыл газы В. адам, үнемдеу, қоршаған орта С. бұзылады, аудан, станса Д. Қазақстанда, бірқалыпты, бөліп шығарады

Dodgesantafe Dodgesantafe    1   25.12.2020 12:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi