Оқылым Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге он шақты адам шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы – Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан – немере іні – Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан жиырмаға жуық балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.

1. Берілген тақырыптардың мәтін бойынша ретін көрсетіңіз (1, 2, 3).
Тұжырымдар
Реті
a) Қайын атаның «қалжыңы»

b) Теңіз жағалауы

c) Теңіз үстінде ойға батқан Еламан

[3]

2. Мәтін ішінен сан есімдерді тауып, мағыналық түрін ажыратыңыз.

[2]
3. Төмендегі сөйлемдерді шартты рай мен бұйрық райға айналдырыңыз
Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты
[2]

4. Еламанның жанын мазалайтын не?
a) Өмір
b) Жалғыздық
c) Балық
d) Ауа райы
[1]

Жазылым
Берілген тақырыптың бірін таңдап, пікір жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің қойылуына назар аударыңыз.
[10]

1) Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы бойынша үзіндіде Арал теңізінің жағалауындағы оқиға баяндалады. Аралдың шығармадағы және қазіргі жағдайына пікір білдіріңіз.

2) Адал, шынайы достық туралы ойыңыз қандай? Пікіріңізді білдіріңіз.

3) Дипломсыз да үлкен кәсіпті дөңгелетіп, табысқа жеткен адамдар «жоғары білім бүгінгі қоғамда маңызды емес» деп жатады. Сіз қалай ойлайсыз? Пікіріңізді білдіріңіз.

мам65 мам65    3   28.12.2020 08:12    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi