Оқылым Берілген тапсырмаларды оқи отырып, мінездеменің түрлерін анықтаңыз. Қазақ спорт жэне туризм академиясыныц 2000-шы жылғы түлегі, еркін күрестен бапкер Мақсат Ахметұлы Айбековке Мінездеме Мақсат Ахметұлы Айбеков 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Ақсай қаласындагы № 1 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті. М.А. Айбеков -қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болган. Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі. Мінезі салмақты, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Айбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады. Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының директоры, Т.Г.д., профессор М.О.Жарасов қолы 25 мамыр 2018 жыл Тапсырма Өз сыныптас достарыңа мінездеме жазыңдар!Мінездемеде деректі зат есім болсын!

XiaomiK XiaomiK    1   13.09.2021 13:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi