Оқылым АЙТЫЛЫМ -тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Тақырып қой. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС «Байқоңыр-12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындады. Эки- паж кемедегі жұмыстың бәрін автокосмонавқа жүктеп, үш айлық терең ұйқыға кеткен. Мұндай алыс жолдарды космонавтар анабиоздық ұйқыда өткізеді . • «Байқоңыр-12» кемесі космос әлемін жарықтандырып, үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры жасанды адам физиомеханикалық Кибер де «шешініп» жатып қалған. Кенет «апат» аппаратының кернейі сарнап қоя берді. «Байқоңыр-12» жүрісін баяулатып қалыпты. Алдымен Кибер оянды. Ол жан ұшырып механик Осипов- ты жұлқылады. Әп-сәтте бүкіл экипаж аяғынан тік тұрды. Осипов электрондық миды іске қосты. Не боп қалды? Нақты айт! «Байқоңырға» міндетті түрде қону керек! Электрондық ми аса бір үлкен қауіп болмаса, космос кемесіне қону керек екенін айтпайды. Экспедиция жинап қайтқан материалдар тың және өте құнды еді. Оны аман- есен адамзат ұрпағына жеткізу бұлжымас борыш. Экипаж мүшелерінің әрқайсысы өзінің жұмыс орнында. Жинаған материалдарды сұрыптап, тіркеу- шi космостық қобдиша-ракеталарға салып жатыр. «Байқоңыр» анау-мынау боп кетсе, материалдар өлмесін. Бәрінің ойы – осы. Т. Сұлтанбековтен составьте план .