оқылым АЙТЫЛЫМ 5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Қою қаріппен жазылған сөздердің мағы- насын анықта. Тағам өнеркәсібі биотехнологиясында сүт қышқылды ашыту сүт өнімдерін алуда, көкөніс консервілеуде, жем-шөп сүрлеуде қолданылады. Сүт қышқылы фармацевтикада, кондитерлік өндірісте, тері бұйымдарын жасауда, бояу, жуғыш ұнтақ шығаруда пайдаланылады. Сүт қышқылды тағамдардың ішінде қымыз бие сүтінің ашуы арқылы алынған нәрлі өнім. Қымыз – ағзаға оңай сіңетін сусын. Ондағы сүт қышқылы асқазан бездеріне әсер етіп, асқорытуды жақсартады, аздаған мөлшердегі спирт пен көмірқышқыл газы ағзадағы зат алмасу үдерісін күшейтеді. Қымыз көптеген дертті емдеуге көмектеседі. Орыс ғалымдары А. Ф. Войткевич пен Е. Рунов 1934 жылы қымыздан сүт қышқылды таяқшаларды бөліп алған. Морфологиялық және биохимиялық құрамы жағынан олар болгар таяқшасына жатады, Ж. Лесова