ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 1-тапсырма. Пікірді оқы. Онда не туралы айтылғанын анықта. Автордың тұжырымын өз ойыңмен байланыстырып айт. Қазіргі таңда ғалымдар арасында қазақ тілінің жазу таңбасын реформалау туралы сан алуан пікірлер айтылып жүр. Бірі: «Кирилл қарпін өзгертпеу ке- рек», - десе, бірі: «Латын жазуын алған тиімді», деп санайды, ал енді бірі «Сонау көне дәуірде қалған төл жазуды тірілту қажет» деген ұсыныстарын ай- тады. Ол пікірлердің қайсысы жеңіп шығарын уақыт көрсетеді. ОҚЫЛЫМ 2-тапсырма. Әлем ғалымдарының төмендегі пікірлерін оқы. Бір пікірді өз ойыңмен сабақтастырып, таратып айт. Зерттеушілеріміздің барлығы да бірауыздан қазақ тілін «ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі» деп таниды. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... (П. М. Мелиоранский).

аня2933 аня2933    3   30.09.2021 20:37    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi