І. ОҚЫЛЫМ Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл
қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде
қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол
ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол
ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі
бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани
маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт,
ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып
барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза
ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы кұлақ
тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ
көбіне өзімшіл болып келеді.​

Anastasia74926482 Anastasia74926482    1   27.10.2020 09:44    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi