ОҚЫЛЫМ 7-тапсырма. Мәтінді оқып шық. Не туралы? Парталасыңа
сұрақ қой. Мәтінді өзің жалғастыр. Бесік жырын айт.
Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жы-
рының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-
жүйесін тербейді, бойын сергітеді, көңіл күйін көтереді. Әже мен
ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені белгілі. Ұлы
Абайдың: «Туғанда дүние есігін ашады өлең», – деуі тегін емес.
Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр.
Бесік тербетуге жараған баланың өзі бөпесін өлең айтып
ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл
балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)
• Мәтіндегі қандай эмоционалды сөздер толғандырды?