ОҚЫЛЫМ 7-тапсырма. Мәтінді оқы.
А.П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде аса ұтымды эпизод
енгізген. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір
сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ой-
лайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның
патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты. Өзі
дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш
уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі нәрселерге тимейді
екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі: шылым
тартады екен. Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып
жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз
қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім бол-
мапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастап-
ты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да
қалмаған...» Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің күшті әсер
еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап оты-
рып, селк етті де, мұңайған дауыспен: – Мен енді шылым тарт-
паймын... - деді».
(Өнер. Балалар энциклопедиясынан)
АЙТЫЛЫМ
8-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтінге қандай ат қояр едің? Неге?
2. Мәтіндегі ауызекі сөйлеуге қатысты берілген бөлікті тап.
Ойыңды дәлелде.​

velikayadasha velikayadasha    2   14.01.2021 14:39    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi