ОҚЫЛЫМ 5-тапсырма. Мәтінді оқып, ақпараттың тақырыпқа қатыс-
тылығын талда. Ол үшін мәтінді екі бөлікке бөліп, топ құраңдар. Әр топ
этикеттік сөздердің қандай жағдаятта айтылатынын рөлге кіріп тал-
дасын.
Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің бірі қоштасуға қатысты
сөздер: сау болыңыз, қош болып тұрыңыз, келесі кездескенше,
көріскенше күн жақсы, жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, жолы-
ңыз болсын, сапар сәтті болсын т.бжағдаятқа орай қолданылатын
мұндай сөздерде де мағыналық реңк, айырма бар. Мәселен, бүгін-
ертең немесе таяу күнде кездесетін, хабарласатын қызметтес адам-
мен «Көріскенше күн жақсы!», «Аман барып, сау қайтыңыз!» деп
қоштаспайтыны белгілі. Ал алыс жол, ұзақ сапарға аттанып бара
жатқан жолаушыға «Сау болыңыз!» деп қана қою салғырттықты
білдіреді, сондықтан мұндайда «Сапар сәтті болсын!», «Жолыңыз
болсын!» тәрізді сөз орамдары қолданылады.
Сөйлеу этикетіне жататын эмоцияға бай сөздер тобы құт-
тықтауға қатысты сөздер. Адамдар біреудің қуанышына әрдайым
ортақтасып, ықылас білдіреді. Әсіресе, жасы үлкен кісілер