ОҚЫЛЫМ 4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттарды салыстыр. Теңіздің алыс-жақындығы жердің климатына ықпал етеді. Жаға- лаудағы аймақтарға жайлы қыс және салқын жаз тән болса, теңізден қашық жерлердің жазы ыстық, қысы суық келеді. Айналасындағы жазықпен салыстырғанда таулардың климаты анағұрлым ылғалды болады. Тауларға жауын-шашын мол жауады. Өйткені теңіз деңгейінен биік жерлердің температурасы төмен болады. Тауда климат тез өзгереді. Тау биіктеген сайын температура салқын- дай береді.