ОҚЫЛЫМ. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша 3-сұрақ құрастыр. - Бегабат Ұзақов — әдебиет әлеміне еліміз тәуелсіздік алған кезде қадам басқан қаламгер. Тырнақалды шығармалары Өзбекстанның жас жазушыларымен қоса бірнеше ұжымдық жинаққа енген. Мемлекеттік тапсырыспен "Қазығұрт" ба шыққан "Жантаза" жинағындағы әңгімелердің тілі көркем, суретті, жинақы. Жеңіл оқылып, ерекше әсер береді. Шығармаларында адамгершілік, адалдық, намыс, рух, махаббат тақырыптары көрініс тауып оқырманын ләззатқа бөлейді. "Жантаза" әңгімесінде атақты Жанқожа батырдың Аждаһаны райынан қайтаруы, перiнiң арбауынан жанының тазалығы, рухының биіктігі арқылы құтылып кетуі суреттеледі. Кітапта осы сияқты қызықты тарихи және бүгінгі заманғы өзекті тақырыптар өзек етілген шығармалар баршылық. "Аязкала" әңгімесінде ескі Хорезм мемлекеті орналасқан аймақтағы көнеден қалалардың тарихы қазіргі заман көзқарасымен шендестірілген. Оқырманға ой салатын тың деректерге толы туындылар тартымдылығымен тәнті етеді. Төл әдебиетіміздің жауһарларынан қанып ішіп, әлемдік әдебиетті еркін меңгерген. қалған 1. 2. 3.

ValiahmetovaKa ValiahmetovaKa    3   25.11.2021 07:35    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi