ОҚЫЛЫМ 1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Прочитайте внимательно текст.
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек, украин және тағы да басқа ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып,өмір сүруіне жағдай жасады.
Қазақстан –түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды.
Мәтін мазмұнына сай берілген 2 дұрыс ақпаратты белгілеңіз.
Определите 2 правильные информации
Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Қазақстан Республикасында 150-дан астам ұлттың өкілдері тұрады
Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады
Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасамады.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.
Мәтінге ат қойыңыз. Озаглавьте текст
3. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты таңдаңыз.
Найдите вопрос, на которого нет ответа в тексте.
А. Қазақстанда неше ұлт өкілі тұрады?
Ә. Олардың тілі,мәдениті жоғалмас үшін не істеді?
Б. Қазақстан ненің ордасына айналды?
В. Қазақстанда көптеген мәдени орталықтар ашылды ма?
ЖАЗЫЛЫМ
4- тапсырма.
Тамаша, кең байтақ, таулы, кең дала, ауа-райы, қысы- жазы, континенталды сөздерін қолдана отырып , «Туған жерімнің табиғаты» тақырыбында досыңа хат жазыңыз. Лепті сөйлемдерді қолданыңыз.
Напишите письмо другу «Туған жерімнің табиғаты» («Природа родного края»)
используя слова : тамаша, кең байтақ, таулы, кең дала, ауа-райы, қысы- жазы, континенталды.
В письме используйте восклицательные предложения.