Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Абай Құнанбайұлы - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай 1845 жылы, 23 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген. Абай өлең жазуды 10 жасында бастаған. Абайдың шын аты Ибраһим екен. Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю.Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау», «Теректің сыйы» сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды
Дұрыс жауабын таңдаңыз.
Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. [1]
А) Абай Құнанбайұлы
Ә) Абайдың «Евгений Онегин» дастаны
Б) Ахмет Риза медресесі
Мәтінге тиісті ақпаратты табыңыз. [1]
А) Абай өлең жазуды он үш жасынан бастаған
Ә) Абайдың ұстазы Құнанбай қажы болған
Б) Абайдың шын аты Ибраһим екен
Абай А.С.Пушкиннің қандай дастанын қазақ тіліне аударған? [1]
А) «Евгений Онегин»
Ә) «Жалау»
Б) «Қанжар»
Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде қанша жыл білім алған? [1]
А) бес жыл
Ә) үш жыл
Б) бір жыл
Абай қандай тілді тамаша меңгерген? [1]
А) неміс тілін
Ә) орыс тілін
Б) француз тілін
ерунды не писать а то бан
Все выполнить по тескту, текст самом вреху
Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
А) Абай Құнанбайұлы
Мәтінге тиісті ақпаратты табыңыз.
Б) Абайдың шын аты Ибраһим екен
Абай А.С.Пушкиннің қандай дастанын қазақ тіліне аударған?
А) «Евгений Онегин»
Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде қанша жыл білім алған?
Ә) үш жыл
Абай қандай тілді тамаша меңгерген?
Ә) орыс тілін
Все правильно.