Оқылым: 1- ТАПСЫРМА Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –мөлдір, түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың үш күйі болады: сұйық, қатты, газ. Егер су нөл градустан төмендесе, мұз болып қатады. Су қайнағанда, буға айналады. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 литр судың 98 литрі тұзды , 2 литрі тұщы су екен.
Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге ,зауыт,фабрика, тұрғын үй жайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті.Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз.
Сондықтан біздің елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнайы заң бар.Онда қолданылған су өзен мен көлдерге жіберілместен бұрын міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстардан тазарту керек. Күл-қоқысты тастауға болмайды.
Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. Қазақ халқында : «Судың да сұрауы бар»,- деп тегін айтылмаған.

Мәтіннен 5 тірек сөзді анықтаңыз. [1]

Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. [1]



Судың күйін табыңыз.
[1]
А) жұмсақ, қою, газ
Ә) қатты, сұйық, газ
Б) иісті, түсті, газсыз
В) мөлдір, қатты, мықты,

Мәтіннен 3 зат есім, 3 сын есім, 3 етістікті табыңыз..
Зат есім
Сын есім
Етістік
[3]
Берілген сөздердің қосымшаларын түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз. [1]
Алу,табиғат,күйі,су,таза, адам

Жазылым: 2- ТАПСЫРМА
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, диалог құрастырыңыз. (8/8 үнқатым-реплика).
Диалог тақырыптары:
Ежелгі көшпелілердің ғажайып мұрасы
Су - тіршілік көзі
Қазақстан көлдері
[8]
Барлығы :

Котанская Котанская    1   22.12.2020 17:49    1

Ответы
olgailinsk olgailinsk  21.01.2021 18:02
Су,субың күйлері,Судың маңызы,суд үнемдеу,Табиғат"судың маңызы"Қатты сұйық газзат есім:су,ауа,табиғат,сын есім:тұщы,ащы,қара,Есітсік:аз,қайнау,тазару,бөліну.Адам таза суды табиғат күйінен аладыДИАЛОК:..Сәлем.СәлемСен су тіршілік көзі екенін білесің бе?жоқОнда айтайын су тіршілік көзі адам сусыз өмір сүре алмайды.Біздің ағзамыз 80% і субан тұрады.Жер шары 85% судын тұрса соның тек 1 % ішуге жарамды.Мәссәған енді суды үнемдейтін боламын.Жақсы сау бол.Сау бол.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi