Оқылым 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіннен 3 етістік тауып сөйлем құраңдар

Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.

Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.

Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.

(3 ұпай)

2-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер (2ұпай)

№ Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс (дәлелде)

1 Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмаспаған.

2 Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Сауран деп аталды

3 Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы шағын қалалардың бірі.

4 Жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді

Жазылым.

3-тапсырма . Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз

Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен.

«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.

Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.

Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту. (3 ұпай)

ВЫПОЛНИТЬ ПРАВИЛЬНО И НЕ ПИСАТЬ ЧУШЬ , КИНУ БАН ЕСЛИ ЕСЛИ ДИЧЬ НАПИШИТЕ ​

nikoleller nikoleller    3   12.12.2020 02:26    0

Ответы
ali0002 ali0002  12.12.2020 06:00

Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы шағын қалалардың бірі.

Объяснение:

Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi