Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнынан маңызды екі
ақпаратты анықтаңыз.
"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму
ерекшеліктері бар. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып
жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жеңіл киіз үйді, ыдыс-аяқтарын,
бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.
Көшпелілер мәдениетінің ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе көпқырлы
болып келуінде. Көне заманда жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайы арқылы көшпелілер
өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады.
Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен
Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті. Көне түркілер
мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір,
қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық,
сауда-саттық пен қолөнер қатар дамыған. Түркілердің Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз,
Баласағұн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан,
Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық
қатынастар орнатуға жол ашқан. (128 сөз)
1-ақпарат:

[1]
2-ақпарат:

[1]
2-тапсырма. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
[1]
СОС

chucklplplplpl chucklplplplpl    2   03.12.2020 09:14    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi