Оқылым. 1-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Абай

1) Ақынның өлеңінің атауы. ( )
А) «Жаз»
В) «Жазғытұры»
С) «Қыс»
D) «Күз»
Е) «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай»

2) Ақын қысты кімге теңеп тұр. ( )
А) «Шал»
В) «Кемпір»
С) «Тентек бала»
D) «Кәрі құда»
Е) «Ашулы адам»

3) Өлеңнен сын есімдерді теріп жаз. ( үш сын есім – )
1.
2.
3.
4.
5.
6.
4) Өлеңнен негізгі үш тірек сөзді анықтаңыз ( )
1.
2.
(до 16:00)​

annaaverina annaaverina    2   06.05.2021 12:07    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi