- Қазақ тiлi
- Оқылым. 1-тапсырма 1. Мәтіндерді
Оқылым. 1-тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі
тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін
Еліміздің абыройын асыратын игі істердің тағы бірі –дінаралық татулық.Егемендігіміздің елең-
алаңында аяқ алысымыздың аңысын аңдыған талайлардың Қазақстанды іштен ірітетін осал тұстарының
бірі оның көпдінділігі деп жамандық шақырып баққанын біз ұмыта қойған жоқпыз.Президент
Нұрсұлтан Назарбаев ол мәселенің де шешімін тапты. Елдің өз ішінде шешіп қана қоймады ол
мәселені,осыдан он жыл бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндеркөшбасшыларының съезін
шақырып,оны дәстүрге айналдырып, Қазақстанды дүние дидарындағы дінаралық татулық мекені
ретінде танытты, әртүрлі діндердің бір елде келісімге келіп, жарасымды дами алатынын нақты дәлелдеп
берді,осы арқылы бүкіл әлемдегі дінаралық шиеленісті бәсеңдетуге,
яғни бейбітшілікті нығайтуға үлкен үлес қосты.
(«Егемен Қазақстан» газеті)
2-мәтін
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 9-тарау.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 31-бап.
Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы 1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес
денсаулық сақтау секторларынан тұрады. 2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау
саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау
ұйымдарынан тұрады. 3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген
денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық
қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында
емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды. Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV
Кодексі.
1-мәтін 2-мәтін
Тақырыбы
Қандай стильде жазылған?
Жазылым.
2-тапсырма. «Тіл-жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт» деген екен. Сіздің бұл
пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап, шартты райды қолдана отырып, эссе жазыңыз.тапсырма.
Тест тапсырмаларын орындаңыз
1.Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Бармақпын.
B) Кетпекпіз.
C) Алмадық.
D) Айтқанмын.
E) Келерміз.
2.Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Жазбақпын.
B) Айтармын.
C) Келмеспіз.
D) Сөйлепті.
E) Тартты
3.Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Қарайтынмын.
B) Айтқанмын.
C) Келіппін.
D) Болыпты.
E) Өсіпті.
4.Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз.
A) Дүние үшін талас.
B) Сәбит – жазушы.
C) Алым-салық жинады.
D) Төрт-бес ат.
E) Аман-есен жету.
5.Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Әлия оқыды.
B) Ақ пен қара.
C) Мектепке дейін.
D) Мектепке қарай.
E) Сен отыр
6.Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Кірпіш үй.
B) Бес бала.
C) Оқыған қыз.
D) Сөзіне таңғалды.
E) Әдемі әуен.
1.Е 2А 3В 4Д 5В 6Д
Калгандарын тусинип оки алмадым.