Оқылым 1. Мәтінді мұқият оқы, берілген тапсырмаларды мәтін мазмұны бойынша орында.
Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш
Итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Құрмаш
күшікті қасына алып жүреді. Көксерек өсті. Бірде-бір ит мұны дос көрмеді.
Қалай да болса үзіп-жұла жүріп, Көксерек аш болмайтын. Күніне екі мезгіл тамақ ішу, мұның шарты болып
алды. Екі рет қолдан ас құйылмаса, ол күні Көксерек өз бетімен барып бірдемені жеп жататын.
Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала
төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып
ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, Шәуілдей қашатын болды.
Бірде баланың шошыған айғайы шықты. Бала аттан құлап түсті. Көксерек баланы бас салды. Бұл-Құрмаш
еді. Үстіне қасқыр төніп келгенде көзі шалды,таныс құлақ екен. Баланың үні өшті. Ақыры сезгені сол Бала
өліп кетті. Көксерек баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті
Сұрақтың жауабын тап
Көксерек қандай болып өсті?

Ә) Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып өсті
Б) Көксерек үлкен қызыл қасқыр болып өсті
А) Көксерек арық кішкентай шолақ төбет болып өсті

milisochka1 milisochka1    2   01.03.2021 17:32    43

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi