Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар І -нұсқа
1-мәтін
Әке мен бала
Бір а ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраз өткен соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.
(Ы.Алтынсарин)
1. Әңгіменің басты идеясы?
А) Жұмыс жасау
Ә) Еңбек ету
Б) Адал еңбекпен мал табу
В) Әкенің тәрбиесі
Г) Бақытты болу
2. Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды табыңдар.
А) Тек жүрсең, тоқ жүресің
Ә) Бала тәрбиесі бесіктен
Б) Әкеге баланың алалығы жоқ
В) Атаның сөзі – ақылдың көзі
Г) Әкенің малы балаға дәулет болмас
3. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ресми іс-қағаздар стилі
Ә) Көркем әдебиет стилі
Б) Ауызекі сөйлеу стилі
В) Ғылыми стиль
Г) Публицистикалық стиль
4. Әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде тұр?
А) Жерге түскен шиені аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.
Ә) Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың.
Б) Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің.
В) Адал еңбек, мұратқа жеткізеді.
Г) Қанағатшылдық – қарын тойғызар.
5. Төменде берілген сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөзді табыңдар.
«Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі»
А) жерге
Ә) қолынан
Б) әкесінің
В) біраз
Г) түседі
6. Мәтінде әкесі ескі тағаны неше тиынға сатты?
А) он тиынға
Ә) бес тиынға
Б) үш тиынға
В) екі тиынға
Г) жеті тиынға
7. Мәтінде тағаны сатқан тиынға не сатып алды?
А) алма
Ә) өрік
Б) шие
В) жидек
Г) алмұрт
8. Қатыстық сын есім қатысқан сөйлемді белгіле.
А) Ауылдық жердің ауасы таза, табиғаты керемет қой, шіркін!
Ә) Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
Б) Аружан өте нәзік, жүрегі таза жан ғой!
В) Денеңді шынықтырсаң, шымыр боласың.
Г) Қала – мәдениет пен білім ордасы.
9. Реттік сан есім жұрнағы бар сөйлемді белгіле
А) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Ә) Қазақстанның бірінші астанасы – Орынбор қаласы.
Б) Жер шарының төрттен бірін таулар алып жатыр.
В) Әлемде биіктігі сегіз шақырымнан асатын он төрт шың бар.
Г) Төрт-бес үйлі ауылда үш-ақ бала.
10. Көптік мәнді білдіретін есімді табыңдар.
А) кітап
Ә) кесе
Б) дәптер
В) ақыл
Г) бала
срезы​

Smitanka228 Smitanka228    2   19.01.2021 07:59    1

Ответы
DaraMarkos DaraMarkos  18.02.2021 08:00

1 Б 2 В 3 Ә

4 Ә 5 Ә 6 Б 7Б 8 Г 9 В 10 Г

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi