Оқу сауаттылығы « Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс - тіршілігі » Менің болашақ пәтерім Сәлем , Ернұр ! Бүгін қазақ тілі сабағынан Сәуле апай « Менің болашақ пәтерім » деген тақырыпта шығарма жазып келуді тапсырды . Мен мынадай мәтін жазған едім . Оқып көрші . Ал сен не жазар едің ? « Басқа балалар секілді менің де кішкене кезімнен ойлаған арманым көп . Соның бірі - өзім қалағандай пәтерімнің болуы . Мен болашақ пәтерімнің жобасын жасап қойдым . Мен аспанмен таласқан зәулім үйдің жоғары қабатында тұруды қалаймын . Өйткені мен қаланы биіктен тамашалағанды ұнатамын Жатын бөлмемнің терезесі тауға қарап тұрса әрі одан шыршалар көрініп тұрса , шіркін ! Таңертеңгі уақытта терезені айқара ашқанда таудың салқын самалы есіп тұрғаны — қандай ғанибет ! Маған екі бөлмелі пәтер болса жетеді . Бірақ оның кең , жарық болғанын қалаймын . Әсіресе қонақ бөлме мен ас үйім әсем болса деймін . Өз пәтерімнің интерьерін ұлттық үлгіде жасатар едім . Дизайнермен кеңесіп , үйдегі жиһаздардың да ұлттық нақышта болуына мән берер едім . Түсі ашық перделер мен шілтерлерді дайын матадан емес , қолдан Тоқытып , өзгеше сәнді болуын қадағалаймын . Пәтерімнің көрнекті жеріне алуан түрлі балықтары бар аквариум қойғызамын . Бұл – менің қиялымдағы арман пәтерім » . Сәлеммен Әлібек 26. Әлібек кімге хат жазды ? A ) Досына Б ) Ағасына C ) Әкесіне Д ) Бауырына E ) Інісіне 27. « Пәтерім » сөзі қай жақта тұр ? А ) І жақ Б ) ІІ жақ C ) ІІІ жақ Д ) І жақ көпше E ) сыпайы түрі 28. Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты табыңыз . A ) Дизайнермен кеңесіп , үй жиһаздарын ұлттық нақышта болуына береді . Б ) Әлібек пәтерінің жанында көп болғанын ұнатады . C ) Әлібектің арманы шағын үйде тұру Д ) Ол пәтерінің батыстық үлгіде жасалғанын қалайды . Е ) Пәтерінің үш бөлмелі болғанын қалайды ? 29. « Зәулім » сөзінің синонимін табыңыз . A ) Биік Б ) Аласа C ) Жоғары д Төмен E ) Ұзын 30. Таңертеңгі уақытта терезені айқара ашқанда таудың салқын есіп тұрғаны – қандай ғанибет ! Сөйлемнің қай түріне жатады ? А ) Лепті сөйлем Б ) Атаулы сөйлем C ) Бұйрықты сөйлем Д ) Сұраулы сөйлем E ) Хабарлы сөйлем

дариана2006 дариана2006    3   08.02.2021 16:19    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi