Оқу мақсаты
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру;
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады;
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;
сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді;
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
ТЫҢДАЛЫМ. ОҚЫЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі - бата. Бата ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. Халқымыздың бата - тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің алуан нұсқалары бар.
«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» - деп бата туралы айтылған сөздің өзі батаның зор мағынасын білдіреді. Батаны кез келген адам бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді. Батаның түрлері: ас батасы, Рамазан батасы, жол батасы,тілек-батасы болып бөлінеді.
Батаны ақсақал қария немесе беделді адамдар береді. Бала Жамбыл атақты
Сүйінбай ақыннан бата алған. Жас Дина да ұлы күйші Құрманғазыдан бата алғанын білеміз. Бата-ұлттық дәстүріміз. Ол ұрпақтан - ұрпаққа жалғасатын асыл мұрамыз. Ақпараттар
Дұрыс +
Бұрыс -
Ұрпақтан - ұрпаққа жалғаспаған
Батаны ақсақал қариялар береді
Бата ұлттық дәстүр
Сүйінбайдың шәкірті Дана
Бата –асыл мұрамыз