Оқиық 2. Диалогті түсініп оқы. Тілші: Балалар, бүгін сендер тамаша өнер көрсеттіңдер, Өскенде кім боласыңдар? Жеңіс: Сахнада өнер көрсету маған ұнайды. Болашақта актёр боламын. Алтынай: Маған да сахнада ән айту өте ұнайды. Мен 60- лашақта әнші және сазгер боламын. Тілші: Сахнада өнер көрсету қиын ба? Алтынай: Жоқ, қиын емес. Бірақ мен бүгін сахнада құлап қала жаздадым. Жеңіс: Ал менің сақалым түсіп қала жаздады. Тілші: Қазылар алқасындағы адамдарды танисыңдар ма? Жеңіс: Әрине, олар өте танымал сазгерлер мен әншілер ғой.