О Актан жас актан жас эссе

SemyaTanya SemyaTanya    3   05.12.2020 09:08    5

Ответы
tashbaeva201 tashbaeva201  04.01.2021 09:30

Дулаттың арнау өлеңдері ішінде «Ақтанға» деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді. Ақын Ақтан бала ер жетіп, «бадана көз тоғыз тор сауыт» киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.Ақынның ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы.Ақын Ақтанның ел үміт күткен сондай жас болуынан үміттенеді.Талмай талпынса, қайраттанып алға ұмтылса, жетім Ақтанның да кейін қатарға қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi