НУЖНЫ ОТВЕТЫ 1. Не істеді? сұрағына жауап беретін етістікті анықтаңыз.

А. Жазады.

Ә. Оқыды.

Б. Барамын.

В. Отырмын.

Г. Жаздық.

2.Сұраулық шылау арқылы жасалған сөйлемді табыңыз.

А. Жаңбыр жауып тұр (ма).

Ә. Ғылым таппай мақтан (ба).

Б. Жабырқа (ма), сабыр қыл.

В. Орын таппай баптан (ба).

Г. Сен емтиханнан қорық (па).

3.Сөйлемнің қазақ тіліндегі баламасын анықтаңыз.

В нашей стране газеты выходят на 11 языках, телевидение мы смотрим на 12 языках, радио слушаем на 6 языках.

А. Біздің елімізде газеттер 11 тілде, теледидар 12, радио 6 тілде.

Ә. Теледидарды 12 тілде көреміз, радионы 6 тілде, газеттерді 11 тілде оқимыз.

Б. Біздің елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көреміз, 6 тілде радио тыңдаймыз.

В. Теледидарды 12 тілде көреміз, 11 тілде оқимыз, 6 тілде тыңдаймыз.

Г. 11 тілде оқимыз, 12 тілде көреміз, радионы 6 тілде тыңдаймыз.

4. «Кеше» сөзінің аудармасын керсетіңіз.

А. Утром.

Ә. Послезавтра.

Б. Позавчера.

В. Вчера.

Г. Вечером.

5. Синонимдер қатарын табыңыз.

А. Түбіне-басына.

Ә. Белгілі-белгісіз.

Б. Пікір-саяхат.

В. Бірінші-алғашқы.

Г. Баянды-сіңірген.

6. Болымды етістікті табыңыз.

А. Жазбадым.

Ә. Жазбаймын.

Б. Жазып отырмын.

В. Жазған емеспін.

Г. Жазған жоқпын.

7. Заттың түсін, түрін білдіретін сөз табын белгілеңіз.

А.Үстеу.

Ә. Зат есім.

Б. Есімдік.

В. Сын есім.

Г. Етістік.

8. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз,

А. Заттың сынын білдіретін сөздер.

Ә. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Б. Мағыналары жақын сөздер.

В. Заттың атын білдіретін сөздер.

Г. Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.

9. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

А. д, г, ф.

Ә. б, в, р.

Б. й, н, м.

В. қ, ң, ғ.

Г. т, ш, з.

10. Тура мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

А. Терең ой.

Ә. Әдемі қыз.

Б. Шөлмектің мойны.

В. Көңілі ашық.

Г. Жапырақ нан.

11. Мақалдан антонимді табыңыз.

А. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Ә. Жауға жалынба, досқа тарылма.

Б. Әке - балаға сыншы.

В. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Г. Өнер білсең, өлмейсің.

12. Үнді дауыссыз дыбыстардан тұрған сөздер қатарын белгілеңіз.

А. Роман, Майра.

Ә. Мамандық, мәтін.

Б. Жиһаз, еңбек.

В. Наубайшы, аспаз.

Г. Жоспар, бірлік.

13. Тек бітеу буынды сөздерді табыңыз.

А. Көктем, аспан.

Ә. Ақпан, бөбек.

Б. Бұлбұл, құрмет.

В. Азамат, жазушы.

Г. Балапан, ата.

14. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз: Бала ...

А. -лар.

Ә. -жан.

Б.-нікі.

В. -қай.

Г. -пан.

15. Ашық рай етістігін анықтаңыз.

А. Сөйлессін.

Ә. Кетсе.

Б. Барады.

В. Айтсын.

Г.Оқығым келеді.

16. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз:

А. Сыяды

Ә. Сияды

Б. Сыйады

В. Сиады

Г. Сыйяды

17. Түбірдің ережесін анықтаңыз.

А. Негізгі ойды білдіретін бөлшек.

Ә. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.

Б. Жаңа мағына тудырушы бөлшек.

В. Қосымша жалғанған бөлшек.

Г. Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.

18. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.

А. Қасиеттер, парасат.

Ә. Сөздік, малақай.

Б. Әділет, дәреже.

В. Шұңқыр, домалақ.

Г. Бөлшек, жақсылық.

19. Синоним болатын қатарды табыңыз.

А. Еріншек, сараң.

Ә. Ауыл-аймақ, ағайын.

Б. Күйзелу, сүйсіну.

В. Келемеждеу, мазақтау.

Г. Тоңу, шаршау.

20.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:

А. Қы-зғал-дақ

Ә. Ба-ла-лар-дың

Б. Бал-а-лардың

В. Жұд-ыр-ық

Г. Балап-ан

21. Буынның неше түрі бар?

А. 4

Ә. 3

Б. 2

В. 5

Г. жоқ

22.Көсемше жұрнақтарын табыңыз.

A. -ар,-ер, -р

Ә. -қан,-кен

Б. -мақ, -мек

В. -па, -пе

Г. -ғалы, -гелі

23.Сөйлемдегі бастауыш қай сөз табынан жасалып тұр?

Мен неше күрегімді жоғалтып алдым.

А. сын есім

Ә. есімдік

Б. үстеу

В. етістік

Г. еліктеу

24. Қазақ тілінің сөз байлығын тексеретін тіл білімінің саласын атаңыз:

А. омоним

Ә. лексикология

Б. морфология

В. фонетика

Г. грамматика

25. Омоним бола алатын сөзді табыңыз

А. қағаз

Ә. кітап

Б. бет

В. мұқаба

Г. оқулық

26. Белгілі бір салада қолданылатын, айрықша қызметі бар сөздер қалай аталады?

А. төл сөздер

Ә. еркін тіркестер

Б. терминдер

В. фразеологизмдер

Г. кірме сөздер

27.Біріккен түбірден жасалған сөзді табыңыз.

A. Дара

Ә. Алтын

Б. Әнуар

В. Көртышқан

Г. Жасыл

28. Термин сөзді табыңыз.

А. Қарлығаш.

Ә. Бұлақ.

Б. Аспан.

В. Жер серігі.

Г. Болашақ.

29.Туынды етістікті көрсетіңіз.

A. Ойшыл, ойыншыл

Ә. Жая, қоя

Б. Көреген, сүзеген

В. Ойна, ойла

Г. Жала, тала

30. Жедел өткен шақта тұрған етістікті тап:

А. Көріп отыр

Ә. Көреді

Б. Көрді

В. көрген

Г. Көріпті

Pollyyyyyyyyyyyyyyy Pollyyyyyyyyyyyyyyy    3   02.03.2021 12:18    0

Ответы
george39 george39  01.04.2021 12:19

1)ә

2)а

3)б

4)в

5)в

6)ә

7)в

8)б

9)в

10)ә

11)

12)

13)

14)б

15)б

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi