Нужно сочинение по казахской литре (каз жебек)

Katiadimova3 Katiadimova3    2   07.07.2019 13:20    10

Ответы
Тёмаэх Тёмаэх  30.07.2020 19:56
"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі."Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi