Нужно сочинение по каз-яз на тему: мой класс(в моём классе 29 человек) 10-12 предложений заранее

kingofpopmusic kingofpopmusic    3   16.09.2019 09:50    0

Ответы
Янина7005 Янина7005  07.10.2020 19:25
Мен сыныбыммен мақтанамын. Менің  сыныбым  мектептегі ең үлгілі сыныптардың бірі. Сыныбымыздан биші де, әнші де, ақын да,оқу озатын да таба аласыз.Мектеп ішінде орындалатын шарттарды бұлжытпай орындаймыз. Мерекелік жұмыстарға да белсендіміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар»,деп дана халықымыз бекер айтпаған.
Біздің сыныбымыз Өзін-Өзі тану пәніне арналып жабдықталған. Ісіңіз болып бас сұға қалсаңыз,деміңізді ішіңізге тартып рахаттанып қаласыз.Өйткені, ішінде адам көңілін сергітетін жайлылық күйі орналасқан.
Бойлары білімге толы оқушылар мен көзі мен сөзі мейірімге толы біздің ұстазымыз сізді қарсы алады.Қоңырау арасында, сабақтан тыс уақыттарда шахмат,дойбы ойнаймыз.Мақал-мәтел жасыру, қызықты логикалық ойындар ұйымдастырамыз.
Әрине, бұл мәртебенің барлығының себепкері сынып жетекшіміз Мадина Мұқанқызы мен тәрбиешіміз Күләш Кәрібайқызы.Ол кісілердің таусылмас тағылым сөздерін біз үнемі ұстанып,ұстаздарымыздың атына кір келтірмеуге тырысамыз. Міне, менің сыныбым осындай!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi