Нужно найти определение
Экологиялық төтенше жағдай — қоршаған ортаға әсерін тигізетін бір фактордың белгіленген мөлшерден тым ауытқып кетуі салдарынан организмдердің тіршілігіне туған апатты жағдай. Мысалы, топырақтағытұздардың мөлшері көбейсе, топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы артады; бұдан физиологиялық құрғақшылық күшейеді де, ылғал жеткілікті болғанның өзінде өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуі қиындайды. Осылайша топырақтатұздың шектен тыс жиналуы өсімдіктіңулануына және солып қалуына апарып соғады.