нужно Мәтінді мұқият оқы. Мәтіндегі деректерді пайдалана отырып, сұраққа жауап беріңіз. [7]

1. Қазіргі таңда әлемді ғаламторсыз елестете аласыз ба?
2. Ғаламтордың адам өміріндегі маңыздылығы қандай?
3. Компьютерді шектен тыс қолданудың адам ағзасына тигізетін кері әсері бар ма?
4. «Ғаламторға тәуелділік» дегенді қалай түсінесіз?

Адамзатқа ғаламтордың пайдасы мен зияны
Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігіне келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себебі мол.
Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы – мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік береді.
Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Ғаламтордың жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарды дәл осы ғаламтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ол – ғаламторға тәуелділік. Желі қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Әлеуметтік желіге байланып, компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі, көздің көру қабілетін нашарлатады. Сол сияқты, дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан бел-омыртқаға зиян келеді.
Адам әр әрекетін ақылға салып жұмсаса, ғаламтордың зиянын көрмеуге болады.

wiwhha wiwhha    2   02.02.2022 15:51    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi