нужно эссе про мою школу на кахахском языке (100-110слов) ​

mariyayakovleva1 mariyayakovleva1    1   25.02.2020 15:44    2

Ответы
ЛеркаXD ЛеркаXD  17.08.2020 18:15

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме, осы кемеде 11 жылды әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі де өзгереді. Жазуды да, оқуды да, санауды да үйреніп шығамыз. “Қашан ғана осы мектепті бітіреді екем?” деп ойлайтын кездерім көп болды, бірақ қазір сол мектебімді бітірейін деп жатқаныма әлі де сенбеймінКөзімді ашып жұмғанша міне, 11 – жылда өтті де шықты..Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күнім, әрбір қырық бес минуттарым балалық шағымның балғын уақыты болып қалмақ. Мектеп біздің “екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз”! Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге көп бақытты күндер сыйлады, тірек болды, жылулық пен бақыт сыйлады. Ал ұстаздарымыз болса, бізге білім үйретуден еш жалықпайды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi